Есептілік

Мектепке дейінгі ұйымдардардың қызметін автоматтандыру

Орал қаласының білім беру бөлімі барлық Орал қаласының тұрғындарының  назарына, «Смарт Сити» тұжырымдамасы аясында ҚР білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес 11 қазандағы 2017 жылғы №518 және ҚР білім және ғылым Министрінің м. а. 14 шілдедегі 2017 жылғы №337 бұйрығы бойынша  «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен  оның қызметін және  жолдамаларды беру  процесін автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» автоматтандырылған жүйесін енгізу жүзеге асырылып «Мектепке дейінгі ұйымдардардың қызметін автоматтандыру" электрондық үкімет е.gov.kz  порталымен біріктірілген.

Балабақшалар тізімінде мемлекеттік тапсырыс орналастырылған барлық мемлекеттік және жеке меншік балабақша орналастырылады,  мекен-жайы, қосымша жабдықтау, түрі, тәрбиелеу тілі, бос орындар және тиісінше кезектілігі көрсетілген.

Кезекке қою бұл қадамдық нұсқаулық өтініш беру үшін ЭЦҚ-сыз, онда ата-ана негізгі ұялы телефон нөмірін, қосымша ұялы телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсетеді. Кейін көрсетілген байланыс телефонына балабақшаға кезекке қою және жолдама беру туралы смс келеді. Ата-ананың ЖСН, баланың ЖСН, мекен-жайы, оқыту тілі, мектепке дейінгі ұйымы таңдалады. Бұл ретте, жүйе өзі жеңілдіктері бар  екендігін өзі  көрсетеді.

Кезекті тексеру ЖСН арқылы тексеруге болады, тіркеуді рәсімдегеннен кейін ұялы телефонға бала тіркелгені туралы смс келеді. Бұл ретте, жүйе жыл бойы жұмыс істейді, яғни, егер жыл ішінде басқада себептер бойынша балалар шығып кетсе,жүйе автоматты түрде жолдаманы  келесі кезекте тұрған балаға жазып жібереді. Барлық деректерді есеп қозғалысы бойынша қалыптастыруға  болады, жүйе автоматты түрде ҰББДБ базасымен байланысты.

 

Орал қаласының білім беру бөлімі бойынша 2017 жылдың 9 айына аналитикалық анықтама

 

Жалпы орта білім беру жүйесі

Биылғы жылы  қаламызда  48 мектеп, оның   ішінде орта мектеп - 46, негізгі - 2, 1 кешкі ауысымды жалпы орта білім беретін мектеп, 1 оқу өндірістік комбинат жұмыс жасауда.

 Қаламызда білім беру бөліміне қарасты  5 гимназия (№34, №42, №44, Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназия, эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназия) және  5 лицей (№27, №28, №35, №38, №41) көшбасшы мектептердің қатарында  заман талабына сай білім беруде. 

2016-2017 оқу жылында 21 қазақ тілді, 14 орыс тілді және 13 қазақ және орыс тілді (аралас) мектептер жұмыс жасады. 

Екі ауысымды тәртіпте 40 мектеп (83,3%), бір ауысымда 5 мектеп (№27,28,35,38, ВБМГ), 3 ауысымда (№18,31,ЭБМГ) 3 мектеп оқиды. 21 қазақ тілді мектепте 17871 оқушы, 14 орыс тілді мектепте 12717 оқушы, 13 қазақ және орыс тілді (аралас) мектепте 9525 оқушы білім алуда. Оқушылар саны жыл сайын ұлғаюда, өткен жылмен салыстырғанда 2534 оқушыға өсті.

2016-2017 жылы 5-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі дайындықпен қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі даярлық топтарына 4519 бала алынды (2015 жылы-4411), өткен жылмен салыстырғанда 108 балаға ұлғайған. Соның ішінде мемлекеттік тілде 2907 бала, орыс тілінде – 1612 бала білім алуда.

Қазіргі таңда жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқу бағдарламаларын  жақсы көрсеткішпен игерген оқушылардың саны 1415 құрайды, (62,8%). 2016 жылы бұл көрсеткіш 62,3 % құраған болатын, өткен жылмен салыстырғанда 0,5 %өсті.

Білім сапасы – 61%, өткен оқу жылмен салыстығанда 1,87 % көбірек. Оқу озаттары -  8500, өткен жылдан 936 балаға артса, оқу екпінділері - 15990 құрап, 1472 балаға  көбейіп отыр. Жыл сайын білім сапасының артуы байқалады.

Биыл қала  мектептерін  1416 түлек аяқтады, оның іщінде 1087 оқушы ҰБТ тапсырды.

Жыл соңындағы нәтиже бойынша қала мектептері бойынша   «Алтын белгі» иегерлерінің саны – 53 (96,4%) оқушы болды.Үздік аттестат иегерлері - 44.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – инклюзивтік білім беруді дамыту. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендірудің басты көзі-барлық жасөспірімдерге сапалы білім мен тәрбие үрдісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету. 

Қала бойынша 5 (№3, 13, 19, 22, 45)   жалпы білім беретін мектептің 50 коррекциялық сыныбында 387 бала білім алуда. Сонымен қатар №13, 19   мектептерде  мектепалды даярлық топтары (26 бала) ашылып, бұл сыныптар қажетті техникалық және компенсаторлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Дегенмен, әлі де бұл бағытта  материалдық – техникалық базаны  күшейту  қажеттілігі байқалады.

Қала бойынша мүмкіндігі шектеулі 120 бала үйден оқиды, оның ішінде 111 бала мүгедек балалар. 

Қала бойынша педагогикалық кадрлар саны 3272 адам, соның ішінде жоғары санатты 551, 1 санатты – 1061, 2 санатты -893, санатсыз – 567 мұғалім құрайды. №3,13,22 ЖОББМ- де 11 тәрбиеші жұмыс істейді. Осы оқу жылы түзету сыныптарында сабақ беретін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы аясында 24 педагог өз біліктіліктерін арттырды.

Химия,биология,физика және информатика пәндері бойынша 122 мұғалім  «Үштілдікті» іске асыру мақсатында ағылшын тілі курстарында оқудан өтуде.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (№8,22,24,29,47,48) 172 бала қамтылған 16 арнайы топтар жұмыс істейді, оның ішінде әр түрлі диагнозбен балалар тәрбиеленуде: психикалық дамуы тежелген, есту, сөйлеу, көру ақыл-ой кеміс.

№8,22,24,29,39,40,43,44,45 мектепке дейінгі ұйымдардың инклюзивті кабинеттерінде 157 бала мамандардың көмегін алады.

48 қала мектебінде 1661 баланы қамтитын 39 логопедиялық кабинеттер жұмыс істейді, оның ішінде 39 логопед-мұғалім жұмыс жасайды.Мүмкіндігі шектеулі балалармен 23 дефектолог мамандары (№1,3,5, 6,9,10,12,13,16,17,19,20,21,22,25,26,30,32,39,40,45,46,Круглоозерный), 2 сурдопедагог (№16,40) жұмыс жасайды.

34 мектепте мүгедек балаларға қедергісіз қол жеткізумен қамтамасыз етілген. Қала мектептерінде 34 пандус , 48 кеңейтілген есіктер, пандустармен көтерілу үшін 34 поручня бар.  50 мектепке дейінгі ұйымдардың 21-де (42%) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жағдай жасалған. Оларда 21 пандустар, 48 кеңейтілген есіктер бар. 

Медициналық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. мектептерде. Қала мектептерінде 48 лицензияланған медициналық кабинет жұмыс істейді. Қазіргі уақытта №5, 7, 10, 14, 20, 24, 25, 30, 34, 44 мектептерде 10 стоматологиялық кабинеттер бар.

 

Қосымша білім беру жұмысы

Қосымша білім беру ұйымдарының желісі 10 (№1,2,3,5 музыкалық мектептер, 1 Өнер мектебі, 1 Сурет мектебі, Мектептен тыс жұмыс орталығы, Желаев ауылындағы мектептен тыс жұмыс орталығы, Атамекен балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, Оқушылар сарайы) мектептен тыс ұйымдарынан тұрады.

2017 жылдың 1 тоқсанына қосымша білім берумен қамтамасыз етілген балалар саны 10924 құрайды, мектеп оқушыларының жалпы санынан 26,13 %. Жыл сайын қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары болады.

7 қосымша білім беру ұйымдары бейімделген ғимаратта орналасқан (№2,3,5 саз мектебі, өнер мектебі, сурет мектебі, 2 мектептен тыс жұмыс орталығы), бұл қосымша білім беру саласында өзекті мәселе болып табылады.

Қаланың 48 мектебінде негізгі міндеті өз құбылыстары арасында құқықтық жалпы оқытуды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды алдын-алу болып табылатынжас полициялардың топтары құрылды. Мектеп ішілік бақылауда 117 және ОДН 31 бала тұрады. Білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес ұстаздар, инспекторлар және ата-аналардың қатысуымен компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, көңіл көтеру орындарында тексерістер жүргізіледі.

Жылына екі рет «Қамқорлық» және «Мектепке жол» акциялары өтіп тұрады.

Қалының 48 мектебінде ыстық және буфеттік тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. 2017 жылдың 5 мамырына 32160 (79,8%) оқушы ыстық тамаақпен қамтамасыз етілген.

Орал қаласы әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы №7 шешіміне сәйкес аз қамтылған, көп балалы отбасылардың мектеп жасындағы 1-11 сынып және мектапалды даярлық сыныптары оқушылары  мен жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған балалар үшін бір оқушыға шаққанда 150 теңге есебінен жалпыға міндетті оқу қорына бөлінген қаржы шегінде тегін ыстық тамақ беру,  2009 жылғы 10 желтоқсандағы №3160 және 2012 жылғы 8 қарашадағы №2862 қаулылары  негізінде 1-4 сынып оқушыларын 100 теңге есебінен ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған .

ҚР «Білім туралы» Заңын орындау мақсатында №10,12,18,20,22,30,32,37 ЖОББМ-де мектеп автобусымен тасымалдау жүзеге асырылады.

Желаев ауылындағы мектептен тыс жұмыс орталығында күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді.

Жазғы демалыс

 «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында 1380  оқушы демалды. Оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 617. Демалысты ұйымдастырудағы басым бағыттарды бірі болып дарынды оқушыларды 50% ата-аналары есебінен демалыспен қамту есептеледі. 230 осы санаттығы оқушылар «Атамекен» лагерінде демалысын өткізді. 

Тамақтануы ұйымдастырылған 43 лагерлерде 5681 бала, тамақтану ұйымдастырылмаған 48 лагерде 10614 бала  демалысын өткізді. 

Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасынан 12-14 жас аралығындағы  8 оқушы шілде айында Италияның Чезенатико қаласында демалыстарын өткізді.

Елордасы Астана қаласына бюджеттік қаражат есебінен 134 жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасынан оқушының ЭКСПО көрмесіне саяхаты ұйымдастырылуда.

Сегізінші жыл қатарынан білім беру бөлімі «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерін ұйымдастырып,  жалпы демалыстың бұл түрімен 48 мектептен 1700 бала қамтылды.  №6, 17, 26 мектептерінде 100 баладан аса қамтыған шатырлы лагерлер жұмыс жасайды.  Сонымен қатар қала мектептерінен 2625 оқушы ата-ана есебінен ЭКСПО көрмесіне қатысады деп күтілуде. «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына 2017 жылдың 4-18 маусымы  аралығында  қала мектептерінен 14 оқушы және 15-26 шілде аралығында 10 оқушы жолданды. №12 (мектеп жанындағы үлеске), Круглоозерный (Калентьев шаруа қожалығы) мектептерінде 130 баланы қамтыған еңбек және демалыс лагері жұмыс жасады. 

Қаланың 48 мектебінде көгалдандыру және көгалдандыру бригадалары ұйымдастырылды, онда 8 мыңнан астам оқушы қамтылған.

2011 жылдан бастап «Қайсар» патриоттық лагері жұмыс істейді, онда өз болашағын Отанымызды қорғауға арнайтын жастар демалыс күндерін өткізеді. 2017 жылы бұл демалыс түрімен 230 оқушы қамтамысыз етілген.

 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы білім мен тәрбие

 

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі 104 бірлікті құрайды, соның ішінде 50 мектепке дейінгі ұйымдар, 1 мектеп-балабақша, 25 жалпы білім беру мектептерінің шағын орталықтары, 28 жеке мектепке деінгі ұйымдар. Соларда 13885 бала тәрбиеленеді, соның ішінде 1071 бала шағын орталықтарда.  1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны 26413,         3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балалардың саны 9452, бала бақшаға баратын бала саны 9297 баланы құрайды. Балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылуы 1-6 жастар аралығында – 57,8 %, 3-6 жастар аралығында – 98,4 % құрайды .

Сонымен қатар, бүгінгі күні Орал қаласында балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту өзекті мәселе болып қалады. Кезекте ұйымдастырылған және тіркелген балалардың жалпы саны  15880 құрайды.

Барлық балаларды балабақшамен қамту үшін  280  орындық 41 балабақшалар салу қажет.

Қалада 6315 баланы 35 балабақша қазақ тілінде оқыту және 5919 баланы 29 балабақша аралас тілде оқытады. 16 арнайы топ 172 баладан 6 балабақша мұмкіндігі шектеулі балалармен жүмыс жасаса, туберкулез ауруымен  ауратын баламен де шипажай балабақшасы жұмыс жасайды.

Соңғы 9 жылдықта 22 балабақша жанадан ашылды.

Жалпы, қала бойынша мектепке дейінгі білім саласында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуының оң үрдісі байқалады, ол баланың 1-ші сыныпқа дайындалуына және жалпы білім беру мектебінің бастауыш буынында тез бейімделуіне ықпал етеді. 

 

 

 

                                       Білім бөлімінің 2016 жылғы жұмысы

      Білім бөлімінің қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асару жөніндегі 100 нақты қадам» жоспары,  «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  жүзеге асыруда алға қойған  міндеттер мен мақсаттарды қамтамасыз етуге бағытталды. 

Әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау

      Білім беру саласы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұлттық моделіндегі басым бөлігі  болып табылады. Соңғы үш жылда қаржыландыру  көлемінің ұлғаюын  атап өткен жөн.

      Мәселен, 2016 жылға нақтыланған бюджет 13136275 мың теңгені құрады, 2015 жылғы бюджет 10069236 мың теңге еді,биылғы бюджет 1,3% артты.Бөленген қаражат келесі бағытта жұмсалды:

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту. 

2016 жылы осы сала бойынша 2324989 мың теңге игерілді(2015ж-1765067 мың теңге).

    Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында жеке балабақшалар мен шағынорталықтарға мемлекеттік тапсырыс бойынша қаражат бөлініп отыр. Соңғы 4 жылда мемлекеттік балабақшалармен қатар 23 жеке мектепке дейінгі мекемелер ашылды. 

2013 жылы жалпы сомасы 21294 мың теңге 3 жекеменшік мекеме,2014 жылы - 3546 мың теңге,2015 жылы- 31375 мың теңге 6 жекеменшік мекеме,2016 жылы жалпы-70394 мың теңгеге 11 мекеме,2017жылы-2 жекеменшік балабақша ашылды.

     Осы серіктестіктін нәтижесінде 2013ж-192 бала,2014ж-217 бала,2015ж-656 бала,2016-1613 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды. 

     Материалдык- техникалық жағдайын жақсарту мақсатында соңғы жылдары 5 балабақша №6"Шолпан",№16"Лесная сказка"№17 "Родничок",№32 «Колокольчик»,№33 «Колосок»  балабақшалары күрделі жөндеуден өтті. 2016 жылы №32,33 балабақшалардың жөндеу жұмыстарына 224922 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні 9 балабақша күрделі жөндеуді  қажет етеді, бұл 18% құрайды.

Жалпы білім беру. 2016 жылы бюджет 6002205,2 мың теңгені, 2015 жылы 6002205,2 мың теңгені, 2014 жылы  6574191  мың теңгені 2013 жылы 5307713,9 мың теңгені құраған.

2014 жылы-«Жаңа Орда» ықшам ауданынан 600 орындық №46 ЖОББМ, 2015 жылы «Сарытау» шағын ауданынан 1200 орындық  №47 ЖОББМ пайдалануға берілді. Қазіргі таңда №4 ЖОББМ, Деркөл және Зашаған ауылдарында мектеп құрылыстары жүргізілуде.

Қаланың барлық 48 мектебінде де  ыстық тамақ ұйымдастырылған, тамақтандыруға 286,6 млн. теңгені бөлінген . 

Соңғы жылдары: №2,7,12,18,36,39 және Круглоозерный мектептері күрделі жөндеуден өтті. Күрделі жөндеуге №36ЖОББМ - 159700 мың теңге, №39 ЖОББМ -134019 мың теңге бөлінді, №2ЖОББМ  шетелдік инвестордың қаржыландырылуынан жөнделді. Алайда, 14 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді, бұл барлық мектептердің 29% құрайды. 

         2016 жылға  339873 дана оқулықтар алу үшін 342625 мың теңге /2015 ж-246359 мың теңге 272967 дана оқулықтарға/ жұмсалынды.

Білімнің жаңартылған мазмұнын енгізу мақсатында 33мектепке компьютерлік сыныптар алуға 41943 мың теңге және оқытушыларды көптілдікті оқуына  4235 мың теңге бөлінді. №10, 12, 30 мектептеріне 25840 мың теңгеге автобустар алынды. 

Антитеррорлық жағдайды алдын алу мақсатында 15200 мың теңге облыстық қаражат есебінен, республикалық қаражат есебінен 52171 мың теңге бейнебақылау камералары орнатылды. 

28 мектептің 5-10 сыныптарына арналған робототехника бойынша құрал жабдықтар алуға – 96079,8 мың теңге, «Itest»,  «Bilim Land»,  «iMektep» ҰБТ дайындау бағдарламалары бойынша виртуалды білім беру кешенін қолдану үшін 44 мектепке 8360 мың теңге, 39 мектепке кәмелетке толмағандардың арасында суицидке қарсы  превенция жобасын іске асыру үшін 5820  мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Қосымша білім. 2016 жылғы бюджет 6002205,2 мың теңгені /2015 жылы -485570 мың теңге/ құрады.

Жазғы демалысты ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 2016жылға  22495 мың теңге қаражат бөлінсе,  оның ішінде "Қайсар" лагеріне  5254 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Желаево ЖТО-ын күрделі жөндеуді жүргізу үшін 1876 мың теңге сомасына жобалық-сметалық құжаттама дайындалды,жұмыстары басталып кетті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жыл қарсаңында қаланың қосымша білім беру жүйесінде шетелдік инвестор есебінен «Оқушылар сарайы» бой көтерді.Жобаның жалпы құны 2,8 млрд теңге құрады. 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Қалада 99 /2015-90/ мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды: 50 – мектепке дейінгі ұйым, 23 /2015ж-13/ – жеке балабақша, 25 – шағын орталық, 1 – мектеп-балабақша кешені. Бұл мекемелерде күні бүгін 13887 /2015ж-13232/ бала тәрбиеленуде. Оның ішінде: мемлекеттік мекемелерде – 11203 /2015ж-11420/ бала,жеке балабақшаларда –1613 /2015 ж- 743/, шағын орталықтарда – 1071(2015 ж-997) бала тәрбиеленуде.  Қаланың №18 негізгі білім беретін мектебі «№18 мектеп-балабақша кешені» болып жұмыс жасауда. 

Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту  (3-6 жастағы балалар) –99,5 /2015 ж-98,1%/,2016-жылы республика-83,4%). 

1 жастан 6 жасқа дейінгі – 57,8 /2015 ж-55,4/ %-ды құрайды /республика-53,8%/. 2016 жылы топтардың толықтырылуының орташа көрсеткіші – 25,93/2015 ж-25 бала/.

№34,37 балабақшаларында республикалық көлемінде, №27 –облыстық көлемінде, №6,7,34 балабақшаларда қала деңгейде эксперименттік алаңшалар жұмыс жасайды. 

2016 жылы №34,37 балабақшаларда «Жалпы білім беретін оқу бағдарламасын сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыстың барысында инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. 

         №34 «Балбұлақ» МдҰ  тәрбиеші Алимгалиева А.Е  "Халықаралық экология және инженерия ғылым академиясының»  І орын үшін грамотасы,     №47 «Бәйтерек» МдҰ ҚР Білім және Ғылым Министірлігі "Мектепке дейінгі балалық шақ" Республикалық орталығының "Ең үздік мектепке дейінгі ұйым парфолиосы" номинациясын ұтып алды.

     

                                           Жалпы орта білім беретін мектептер.

     Қала бойынша мектептер саны жыл сайын өсіп келеді.  Қазіргі таңда  қалада  күндізгі жалпы орта білім беретін мектептер саны – 48,  2014 жылмен салыстырғанда 2 мектепке  өсті,  соңғы жылдары №46,47 ЖОББМ ашылды. 

     48  жалпы орта білім беретін мектептер ішінде орта мектебі-46 (96%), негізгі -2 (4%) . Кешкі ауысымды мектеп -1. 

         Сонымен қатар осы мектептердің ішінде 5 гимназия (№34, №42, 44,ВБМГ, ЭБГ) және 5 лицей (№27, №28, №35, №38, №41) жұмыс жасайды.2016 жылғы 2 қыркүйектегі №2775 қаулысы бойынша №44 ЖОББМ гимназия болып өзгертілді.

       2016-2017 оқу жылында 21қазақ тілді, 14(15) орыс тілді және 13(12) қазақ және орыс тілді мектептер жұмыс жасайды. Соңғы жылдары қазақ тілінде оқытылатын мектептер саны көбейіп отыр, себебі «Сарытау», «Жаңа орда» , «Арман» шағын аудандарына  қазақ тілді тұрғындардың көшіп келіп, мектептің қажеттілігінің тууына байланысты.  

    Шағын жинақталған мектептер саны өзгеріссіз-1 мектеп (№29 НОББМ ), онда   59 оқушы бар. 

     Үш ауысымды тәртіпте 4мектеп,екі ауысымды 38 мектеп (79,2%), бір ауысымда 6 мектеп (№27,28,35,38,ЭБГ,ВБМГ) оқиды. №10,12,20,47ЖОББМ оқушы саны көбейіп отыр. Тұрғындардың жер алып үй салып көшіп келулеріне және жаңадан көпқабатты үйлер салуларына  байланысты. 

      2016-2017 оқу жылында қала мектептерінде 40113оқушы, оның 22397 /56%/бала қазақ тілінде, 17716  оқушы орыс тілінде білім алады.  21 қазақ тілінде оқытылатын мектебінде 17871оқушы, 14 орыс тілінде оқытылатын мектебінде 12717оқушы, 13 қазақ/орыс тілдерінде оқытатын мектебінде 9525 оқушы бар. Жыл санап оқушылар саны артып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда контингент 2534 оқушыға артты. 

                                               «Үш тілде білім беруді дамытудың 

2015-2020 жылдарға арналған жол картасынын» іске асыру

      ҚР БҒМ «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасынын» іске асыру мақсатында 7 стратегиялық бағыттын- кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру, институционалдық тұрғысынан қолдау, ақпараттық қолдау, қаржыландыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.Қала бойынша 3 тілді оқытуды енгізу кестесіне сәйкес,  2013 жылдан бастап  2019 жылға дейін 22 мектепте  жұмыс жүргізу  жоспарлануда.

Мектеп Оқыту тілі пәндер Мұғалімдер саны Санаты Желісі Сыныптар саны Оқушы саны 

2013-2017 жыл 13 мектеп 6-қаз,  7-орыс Физика-6 Матем-5 Информ-3 Биология-6 Химия-3 География-2 25 мұғалім Жоғары-7 Бірінші-8 Екінші-4 Санатсыз-6 8-11 сын 18 сынып 415 оқушы

      2016 -2017 оқу жылында мектептер 1567 дана  математика, биология, физика  оқулықтарымен қамтылды. 

    «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасынын» жүзеге асыру мақсатында жазғы демалыс кезінде барлық  білім беру ұйымдарында жазғы тіл мектебіне 27996  оқушы тартылды.

       Қалалық  «Атамекен» лагерінде маусым-тамыз айларында 63 ағылшын тілі пәні мұғалімі  оқушылардың  жас ерешелектеріне байланысты ойын түрінде ағылшын тілін үйретті, осы жұмыстарға  1500 бала тартылды.  

      Қазақ Түрік Лицейі ұыймдастыруымен үштілдік жазғы мектепке 140 қала оқушылары қамтылса, № 7 ЖОББМ базасында 280 оқушы ағылшын тілі курсынан өтті. 

    2016 жылдың қараша, желтоқсан айларында 121 химия ,физика, биология, информатика  пәні мұғалімдері «Евразия» университетінде деңгей бойынша ағылшын тілін ұйренуде. №20,21,44 (2017-18 оқу жылы),№7,17,19(2018-19 оқу жылы),№1,3,26 (2019-20  оқу жылы) осы жұмыстар болашақта жалғасын табады.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу мүмкіндігін жүзеге асыру

ҚР Заңнамасы адам құқығымен байланысты сәйкесті халықаралық  нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып білім беру саласында елдегі барлық баланың теңдік қағидасы бойынша білім алуын жүзеге асыруды көздейді.  

Жалпы қала бойынша анықталған дамуы  мүмкіндігі шектеулі балалардың  саны – 2373 баланы құрап отыр. Қала мектептеріндегі мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны – 1225 бала (2015-2016 оқу жылында- 1309), мектепке дейінгі ұйымдарда- 519 бала (424).   Қамтылуы-61%.

   Қала бойынша 5 (№3,13,19,22,45) жалпы білім беретін мектептің  50   коррекциялық сыныбында   387 (48 сыныпта- 308 бала)  бала білім  алуда. №№10,20,30,47 ЖОББМ 29 бала тасымалдануда. Ұзартылған күн топтары жұмыс жасайды. Сонымен қатар №13,19  мектептерде  мектепалды даярлық топтарында 29 (26) бала инклюзивті біліммен қамтылған. №16,40ЖОББМ-де кохлярлық инпланттары бар балалар үшін шағын орталық ашылған.Бұл сыныптар қажетті техникалық және компенсаторлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

2016-2017 оқу жылында  үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі балалар саны-120 (124)  болса, оның ішінде 111(99) мүгедек- балалар.Үйден оқыту үшін интернет желісі арқылы мүгедек балаларға  қашықтан оқытуды ұйымдастыру  мақсатында   техникалық бағдарламалармен жабдықталған 80 компьютер  берілді. 

Педагог – логопедтер балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтаумен айналысады. Қалалық мектептер базасында 39 логопедтік пунктер жұмыс жасайды, онда 1661 (1575) бала қамтылған.  23 мектебінде 21,5 бірліктегі дефектолог-мамандар 219 оқушыға түзету жұмыстарын жүргізеді.

        Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда  172 (157) баланы қамтыған  16  арнайы топ (№ 8,22,24,29,47,48 МДҰ) жұмыс жасап келеді. Онда психикалық дамуы тежелген; ақыл – ойы кемдік, есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілінде бұзылысы бар және көру қабілеті бұзылған балалар тәрбиеленуде. 2016-2017 жылдан бастап № 22(1),40(4),45(10),48(3) балабақшаларда инклюзивті топтар жұмыс жасауда. Егер бұрын мүгедек балалар арнаулы 5-6 балабақшаға қатысатын болса, бүгінгі таңда әр бала қажетті көмекті жергілікті мекен-жайы бойынша орналасқан  балабақшалардан ала алады.                                       

        №8,22,24,29,39,40,43,44,45 мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы  инклюзивті кабинеттерде 157 (113) бала арнайы мамандардан көмек алуда. 

      Мүмкіндігі шектеулі  балаларды  және мүгедек балаларды жалпы білім беру  ұйымдарына қатынасу үшін  «кедергісіз аймақпен» қамтамасыз ету 31 жалпы  орта білім беретін мектептерде  қамтамасыз етілген, бұл 64 % құрап отыр. Сонымен қатар  50 бала-бақшаның 24-де (48%)  мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы жасалған.

        2015-2016 оқу жылында психикалық дамуы тежелген балалар арналған 9- түзету сыныбын алғашқы рет аяқтады. Бүгінгі күні олары Орал қаласындағы түрлі арнаулы орта білім беретін колледждерде білімдерін жалғастыруда.

  «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру аясында жүргізілген іс-шаралар  

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асару жөніндегі 100 нақты қадам» жоспарыныың бір бағыты - «Мәңгілік Ел» идеясын насихаттау аясында қала бойынша мектептерде «Бір ел- бір халық-бір тағдыр» тақырыбында тәрбие сағаттар, кездесулер өткізілді. Барлық мектептерде арнайы стендтер, бұрыштар, баннерлер дайындалып, мектеп қабырғасына  ілінді. 

Мектеп тыс орталықтың ұйымдастыруымен Қазақстан халқы этнобірлестіктерінің балалар шығармашылығы клубы құрылды. №1, 16, 21 мектептерде «Достық сыныптары»  іс-шараларын көрсетті.

Қала мектептерінің педагог ұжымдары, ата-аналардың қатысуымен «Мәңгілік елдің болашағы» тақырыбында қалалық патриоттық форум өткізілді. Форумға ардагер ұстаздар, қаланың белсенді тұлғалары, оқушылар, ата-аналар қатысты.

Қала көлемінде «Гүлдер әлемі» фестивалі ұйымдастырылып, ең үздік №32, 42, 44, 30, 22, 20, 14  мектептер облыстық байқауға қатысты. 

Мектептен тыс жұмыс орталығында «Менің Елім-Мәңгілік Ел»  балалар шығармашылығы, «Орыс және кәріс халқы мәдениетінің диалогі» фестивалі өткізіліп, оған Ресей Федерациясының вице елшісі Ю.П.Пономарев, «Қазақстан кәріс Ассоциациясы» РОО БҚО бөлімшесінің төрағасы М.В.Пак, Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» КМБ-нен А.С.Нуриева,орыс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы С.М.Погодин, ата-аналар қоғамы қатысты. 2016 жылы Ұлы Жеңістің 71 жылдығына және ҚРҚК құрылғанына 24 жыл толуына орай «Патриот» айлығы өткізілді.  №34МГ,37 ЖОББМ  базасында «Сапқа тұруға құп болады!» атты  әскери байқау өтті.  

Қала мектептерінде Республикалық «Жас Ұлан», «Жыс қыран» балар ұйымы жұмыс жасайды. оқушылар арасында қалалық «Жас ұлан» слеті, «Жас полицейлер» жарысы, «Жас жол жүргіншілер» слеті озыдырылды. №1 ЖОББМ облыстық «Жас жол жүргіншілер» слетінде І орын иеленіп, Республикадан Алғыс хатқа ие болды. Қалалық «Әке жолы – ізгі жол» тақырыбында әкелер конференциясы өткізіліп, қалалық «Ұлағат» әкелер қауымдастығы құрылды. Республикалық әкелер форумында  №42 «Ақниет МГ тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Мусагалиев Артур «Қамқор әке» номинациясын алды.

Орал қаласында 9 мектептен тыс ұйым жұмыс істейді: №№1, 2, 3, 5 балалар саз мектептері, балалар өнер мектебі, 2 мектептен тыс жұмыс орталығы, «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экологиясы орталығы, С.Ғұмаров атындағы балалар көркемөнер мектебі. 2016-2017 оқу жылында– 9859 оқушы,яғн 26,13%-ын құрайды. Оқушы контингенті жылдан-жылға өсіп келеді. 

Балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және 

бос уақытын тиімді пайдалануы

Балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын тиімді пайдалану білім беру бөлімінің жұмысының басым бағыты болып табылады. 

Қала сыртындағы қалалық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы «Атамекен» лагерінде  1500 бала өз демалысын өткізді, олардың 230-ы дарынды балалар болса, 560-ы аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар.

Қаланың 44 мектебінде тамақтандырылумен мектеп жанындағы лагерлер ашылып, онда  5538 бала қамтылды, олардың 600-і аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар. Сондай-ақ 48 мектепте тамақтандырусыз мектеп жанындағы бағдарлы лагерлер мен алаңдар жұмыс жасап, 10750 бала қамтылды.

Төртінші  жыл қатарынан  білім беру бөлімі «Мирас», «Рахат» күркелі лагерлерін   ұйымдастырып, жалпы демалыстың бұл түрімен 45 мектептен 1700 бала қамтылды.Дәстүрлі №6, 17, Круглоозерный мектептерінде 100 баладан аса қамтыған күркелі лагерлер жұмыс жасады, №12 және Круглоозерный мектептерінде 80 баланы қамтыған еңбек және демалыс лагері жұмыс жасады. №№23, 25, 35, 36, 45 мектептерден 150 бала саяхаттарға қатысты.  Қаланың 47 мектебінде 440 баланы қамтыған жөндеу-құрылыс бригадалары өз жұмыстарын ұйымдастырды. Көгалдандыру, абаттандыру  бағытында  47 мектепте 11837 оқушы жұмыстанды. 2011 жылдан бері «тәуекел топ» оқушыларына арналған «Қайсар» күркелі лагері жұмыс жасауда.  2016 жылы 230 оқушы қамтылды.

       Балалардың демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын тиімді пайдалану бойынша көрсеткіш 2016 жылы 1-10 сынып оқушыларынан 77,53% / облыстық көрсеткіш-91,4%/қамтылды.Жазғы демалысты ұйымдастыруға бөлінген қаражат көрсеткіші:  2016 жылы – 46030 мың тг.

Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар

      Қазақстан Республикасы білім ұйымдарындағы 2006-2011жылдарына арналған тәрбиелеудің кешенді бағдарламасына сәйкес Орал қаласының білім беру бөлімі кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жасақталған шаралар жоспарын жүзеге асыру бағытында жұмыстанды.

     Қала мектептері бойынша мектепішілік бақылауда-117, ішкі істер бөлімінде - 31  оқушы бақылауға алынған.

     Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ғылыми жобалар жарысы, «Балалар өмірге көзқарасы» әңгімелесу, «Нашасыз қала» акциясы, Жалпыға міндетті білім беру айлығы аясында сабаққа қатыспайтын оқушыларды анықтап, оқуға тарту бойынша рейдтер, «Мектепке жол», «Қамқорлық» республикалық акциялары, «Қауіпсіз аула» акциясы, «Мен–Қазақстанның азаматымын» жобалар конкурсы, «Қолайсыз отбасы– қолайсыз балалар» атты тәрбие сағаттары, «Заңды білесің бе?» білгірлер сайысы, «Заң аумағы» плакаттар конкурсы, «Өз құқығымды білемін» атты ертеңгілік шаралары жүзеге асты. Өткізілген  шаралар туралы ақпарат құралдарына жарияланды.

     Құқықбұзушылық мәселелері күн тәртібінен түспейді және бақылауға алынды. Осы бағытта шаралар өз жалғасын табуда.

Қала мектептерінде ыстық тамақты ұйымдастыру жағдайы

Барлық қала мектептерінде асханалар мен буфеттерде ыстық және буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған. 2016 жылдың желтоқсан айында ыстық тамақпен 1-11 сыныптың 30826 оқушысы  қамтылды (76,8%).  

Эстетикалық бағыттағы гимназия, Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназия, №27, 38, 41 мектеп-лицейі оқушыларды  ыстық тамақпен 100% қамтыған.  Аталған мектептерде ата-аналармен келісім жасалып, ата-ана есебінен қамтылып отыр.

Орал қаласы әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы №7 шешіміне сәйкес аз қамтылған, көп балалы отбасылардың мектеп жасындағы 1-11 сынып және мектапалды даярлық сыныптары оқушылары  мен жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған балалар үшін бір оқушыға шаққанда 150 теңге есебінен жалпыға міндетті оқу қорына бөлінген қаржы шегінде тегін ыстық тамақ беру,  2009 жылғы 10 желтоқсандағы №3160 және 2012 жылғы 8 қарашадағы №2862 қаулылары  негізінде 1-4 сынып оқушыларын 100 теңге есебінен ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған .   Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру, күнкөрісі төмен отбасының барлық балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмысына ерекше көңіл бөлінген.

Ыстық тамақпен қамтылғандар ішінде  аз қамтылған отбасынан – 2579 бала, 1-4 сыныптардың 19174 баласы қамтылған. 44 мектепте буфеттік тамақтанумен –6359 бала (15,8%) қамтылған.  Буфеттік тамақты алатын оқушы саны азаюда бұл мектептердің салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады. 

      Бастауыш сыныптың оқушылары мен күнкөрісі төмен отбасылардың балаларын ыстық тамақтандырумен қамтамасыз ету 100% құрайды.

     Мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру, сапалы және қауіпсіз тамақтандырумен қамтамасыз ету бойынша ережелер мен нормалардың сақталуын құрамына қала мектептері ата-аналар комитеттінің төрағалары мен білім беру саласының ардагер ұстаздары енген жалпықалалық ата-аналар комитеті қадағалайды. Сонымен қатар білім беру бөлімінің бұйрығымен құрамына сектор меңгерушілері енген ведомстволық комиссия да бақылау жүргізеді. Жалпы алғанда сапалы мектептік тамақпен қамтамасыз ету білім беру ұйымдарының қызметі үшін алдыңғы қатарлы мəселелерге жатады жəне бұл мәселе тұрақты түрде мəжілістерде сарапталып, талқыланады.

     Білім беру бөлімі қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен келісілген ас мәзірін бекітіп, қала мектептері осы аз мәзірін тамақтандыруды ұйымдастыруда басшылыққа алады.

      

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 

құқықтарын қорғау жұмысы

Орал қаласы бойынша күні бүгін  500 - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны тіркелген. Оның 286 бала - қорғаншылық пен қамқоршылықта, 55- патронат тәрбиесінде, ал 159 - бала жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленуде. Отбасында тәрбиеленіп жатырған балалардың 165 ғана жетім, ол 51 % құрайды, ал мекемелерде тәрбиеленіп жатырған 37 бала жетім санатына жатады, ол 22% құрайды. Деректерге сүйенсек осы санаттағы балалар саны азаюда, атап айтқанда, 2013 жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 680 болса, 2014 жылы-646, 2015 жылы-629 санын құрады. Бірақта қоғамымыздың бүгінгі  ең өткір проблемаларының бірі - әлеуметтік жетімдік болып отыр. Бұл жетімдерге не әкесі, не шешесі, кейде екеуі де бола тұра, ата-анасының жылуынан жырақта жүрген балалар жатады. Тірі жетімдер санының ұлғая түсуі –  отбасылардың баланы дүниеге әкелгеннен кейінгі жауапкершілігінің төмендеуі, материалдық жағдайының шиеленісуі, сол сияқты олардың ата-ана құқығынан айырылуы мен араққа, нашақорлыққа салынуы, ата-аналардың өз балаларынан  бас тартуы сияқты себептердің нәтижесі. 

2013 жылы 49 балаға қатынасты 32 ата-ана ата-аналық құқықтарынан сот шешімімен айырылған. Оның 32- балалар үйіне орналастырылса, 6-қорғаншылық, қамқоршылық отбасына тәрбиеленуге берілген болса, 11 бала анасы немесе әкесінің тәрбиесінде қалдырылған болатын, ал 2014 жылы 42- ата-ана 52 балаға қатынасты ата-аналық құқықтарынан айырылған, немесе шектелген болатын. Олардың 14-қорғаншылыққа берілсе, 30-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге орналастырылған, ал 8 бала анасы немесе әкесінің тәрбиесінде қалдырылған. 2015 жылы 31 ата-ана 53 балаға қатынасты ата-аналық құқықтарынан айырылған немесе шектелген болатын, оның 29- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мекемесіне орналастырылса, 17- бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа берілген, 7-ата-анасының біреуімен қалған.  Ал биылғы жылы 26 балаға  қатынасты 20 ата-ана өз ата-аналық құқықтарынан айырылған, оның 16-қорғаншылық пен қамқоршылыққа, 5- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге орналастырылса, 5- ата-анасының біреумен қалған.

Сонғы жылдары балалар үйінен туыстық қатынаста жоқ азаматтарға патронаттық тәрбиесіне, қорғаншылыққа бала беру кең етек алып келеді, 2013 жылы-44 бала, ал биылғы жылы 4 бала қорғаншылыққа, 9 бала патронат тәрбиесіне берілді. Бала асырап алуға үміткер ретінде 32 отбасы тіркеліп отыр. Бұл отбасылардың басым көпшілігі жаңа туылған баланы алуға тілек білдіріп отырған азаматтар. 

       Облыс орталығында 1 отбасы үлгісіндегі балалар үйі, облыстық балалар үйі және облыстық мамандандырылған бөбектер үйі жұмыс істейді.  Онда 0-3 жастан -28 бала, 4-18 жас аралығындағы -131 бала тәрбиеленіп жатыр.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп отыр. 2006 – 2015 жылы - 213 бала мемлекеттік қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы санатттағы балалар тұрғын үй кезегіне қойылған.

286 қорғаншылықтағы және 55 патронат тәрбиесіндегі балаларға ай сайын 21210 тенге мөлшерінде жәрдемақы төленуде. Сонымен қатар 35 патронат тәрбиешісіне   еңбек өтіліне байланысты ай сайын 27000-нан 45000 тенге аралығында жәрдемақы төленеді.  Сонымен қатар бала асырап алушыларға 75 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Кәмелетке толмағандардың тәрбиесі, ата-аналардың ортасындағы дау-дамалар сұрақтарын шешу  және кәмелетке толмаған балалармен кездесу уақытын белгілеу мақсатында қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінде қаралып отырады.